“Таза Қазақстан” – табиғатты аялау, болашаққа қамқорлық

“Таза Қазақстан” – табиғатты аялау, болашаққа қамқорлық

Аудан орталығы Махамбет ауылында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында “Таза Қазақстан” акциясы өтті.

Акция аясында Өтешқали Есмағанбетов көшесінде тал егу жұмыстары жүргізілді.

Шараға аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев қатысып, тұрғындармен бірге жасыл желек отырғызуға атсалысты.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер, мекеме қызметкерлері, аудан жастары мен ауыл тұрғындары да белсенділік танытты.

Бұл игі істің басты мақсаты – туған жердің экологиялық тазалығын сақтау және жасыл желек қорын көбейту.