
Аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде 25 қазан – Республика күніне арналған «Қыран далам – Қазақстан» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік жиынды ашқан аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев аудан тұрғындарын 25 қазан – Республика күні мерекесімен құттықтады.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматпен азаматшалар Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен, аудан әкімінің Алғыс хатымен және құттықтау хатымен марапатталды.
Концерттік бағдарлама барысында көрермендерге ұлт рухын көтерген тамаша туындылар ұсынылды.
“Өнерпаз” мәдениет үйі жанынан құрылған “Атамұра” халықтық ұлт аспаптар оркестрі өз өнерлерін паш етіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.