Еңбекшіл ауылында жаңа «Ашық спорт алаңы» ашылды

Еңбекшіл ауылында жаңа «Ашық спорт алаңы» ашылды

Махамбет ауданы, Есбол ауылдық округі, Еңбекшіл ауылында көптен күткен — жаңа ашық спорт алаңының ашылу салтанаты өтті.

Бұл — балалардың еркін ойнап, спортпен айналысуына мүмкіндік беретін, ауыл тұрғындарының игілігіне арналған тамаша нысан.

Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады.

Алаңның құрылысы мен безендірілуіне үлес қосқан мердігер "Есенбаева" ЖК ұжымына аудан әкімі және ауыл тұрғындары алғысын білдіреді.

Еңбекшіл ауылының өркендеуі мен игілігі жолындағы осындай игі істер жалғасын таба берсін!