
PROMGAZ BP ЖШС жанармай-газ бекеті ресми түрде ашылды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев қатысып, аудан тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Бүгінгі таңда жаңа бекетте 25-ке жуық қызметкер тұрақты жұмысқа орналасты. Алдағы уақытта асхана мен қонақүй толық іске қосылған соң, тағы 30-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Бұл қадам ауданымыздағы жұмыссыздықты азайтуға оң ықпал етіп, тұрғындар үшін қосымша еңбек мүмкіндіктерін туғызбақ.
Жаңа нысанда жанармай, газ және дизель отыны ұсынылса, болашақта электр қуатымен жүретін көліктерге арналған станциялар да орнату жоспарлануда. Бұл туралы PROMGAZ BP компаниясының басшысы Аян Даулетов атап өтті.
Жаңа бекет халыққа сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, аудан экономикасының дамуына серпін бермек.