
Дәстүрлі конференцияға аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев, Атырау облысы Білім беру басқармасының әдістемелік орталығы басшысы Досжан Болатбекұлы, аудан прокуроры, маслихат төрағасы, ардагерлер кеңесі, мемлекеттік мекемелер, аудандық білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Жиынның алғы сөзін аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев ашып, барша ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Конференция барысында педагогтар өз салалары бойынша баяндама жасап, жеткен жетістіктері мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Білім сапасын арттыру, заманауи технологияларды енгізу, тәрбие жұмысын жетілдіру, жас мамандарды қолдау сынды маңызды мәселелер қозғалды.
Сонымен қатар, конференция аясында озат ұстаздар мен білім беру ұйымдарындағы жұмыс жасайтын әр сала иелері марапатталып, олардың еңбектері лайықты бағаланды. Ұстаздар Махамбет ауданы әкімінің, Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды.