Махамбет ауданында «Ұлттық идеология және ономастика» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті.

Махамбет ауданында «Ұлттық идеология және ономастика» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті.
Семинарға Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әділғалиев, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Асхат Аймұратов, қала және аудан әкімі орынбасарлары аудандық мәдениет бөлімінің басшылары қатысты.
 
Басқосудың мақсаты – ұлттық идеологияны қалыптастырудағы ономастиканың рөлін айқындау, тарихи атауларды жаңғырту және сала мамандары арасында тәжірибе алмасу.
 
Жиын барысында ономастикалық жұмыстардың барысы таныстырылып, ұлттық тарих пен мәдени мұраны сақтау бағытында ұсыныстар айтылды.
 
Қатысушылар «ұлттық идеологияның өзегі – тарихи атауларды сақтау мен жаңғырту» деген ортақ ойға тоқталды.