2025 жылғы 15 шілдеде Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округінің мәдениет үйінің ғимаратында ауыл активінің жиналысы өтті.
Жиналыста Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Ж.Тұрдағали Акжайық ауылдық округінің әкімі болып сайланған Ерманов Актурлан Ертурлиевичке әкім куәлігін табыстады.
Тікелей сайлау нәтижесінде Ақжайық ауылдық округінің әкімі болып сайланған Ерманов Актурлан Ертурлиевич 2025 жылдың
15 шілдесінен бастап өз міндетін ресми түрде атқаруға кірісті.
Ерманов Актурлан Ертурлиевич 1964 жылы 3 маусымда Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында дүниеге келген, әкім сайлауына «AMANAT» партиясының Махамбет аудандық филиалымен ұсынылды.