2025 жылғы 30 наурызда өткен Махамбет аудандық
мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындысы туралы хабарлама
2025 жылғы 30 наурызда №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған Махамбет аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлау өтті.
№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2406 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1157 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс қатысқаны – 9.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Махамбет аудандық мәслихаты депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Г.С.Джумагалиева үшін сайлаушылардың 487 дауысы берілді;
М.Б.Мақсотов үшін сайлаушылардың 375 дауысы берілді;
С.Т.Сандыбаев үшін сайлаушылардың 261 дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 23.
Сайлау қорытындысымен №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Махамбет аудандық мәслихатының депутаты болып:
Джумагалиева Гульмира Сабыровна, 1972 жылы туған, «ПЦН күзет» ЖШС-нің Бас директоры, Махамбет ауданы Бейбарыс ауылының тұрғыны сайланды.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы