Махамбет ауданық ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауының қорытынды хабары

Махамбет ауданық  ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауының қорытынды хабары

         2021 жылғы 25 шілдеде Махамбет ауданының 4 сайлау округі бойынша округ әкімдерінің сайлауы өтті.

         Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9 тармақшасы, 44 бабының 2 тармағы,        45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Махамбет ауданы ауылдық округтер әкімдері сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:

        

Ақжайық ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Ақжайық сайлау округі:

 

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 682 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 582. Жарамсыз бюллетеньдер саны 12, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны  30.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.Е.Ермановқа  303

М.С.Махановаға  99

Ф.Ж.Тюринаға 138

 

         Ақжайық ауылдық округінің әкімі болып Ерманов Актурлан Ертурлиевич, 1964 жылы туған, «Дастан» шаруа қожалығының өндірістік директоры, Ақжайық ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидат сайланды.

          

Есбол ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Есбол сайлау округі:

 

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1316 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 1102. Жарамсыз бюллетеньдер саны 20, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны  50.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         М.Б.Әділғалиевке  574

З.Енбаеваға  102

А.Қ.Олжағалиевке 356

 

         Есбол ауылдық округінің әкімі болып Әділғалиев Мереке Бағытжанұлы, 1972 жылы туған, Есбол ауылдық округі әкімі, Ортақшыл ауылының тұрғыны, «Nur Otan»  партиясынан ұсынылған кандидат сайланды.

 

 

 

 

 

 

 

Бейбарыс ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Бейбарыс сайлау округі:

        

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2234 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 1820. Жарамсыз бюллетеньдер саны 41 , «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны  68.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Т.У.Даулбаевқа  1117

А.Ғ.Ерғалиеваға  265

Ж.Тасимоваға 329

 

         Бейбарыс ауылдық округінің әкімі болып Даулбаев Таттимбет Урынгалиевич, 1989 жылы туған, «Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»ММ бас маманы, Бейбарыс ауылының тұрғыны, «Nur Otan»  партиясынан ұсынылған кандидат сайланды.

 

 

 

Сарайшық ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Сарайшық сайлау округі:

 

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1581 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 1194. Жарамсыз бюллетеньдер саны 11, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны  22.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Р.М.Абдугалиевке  251

С.Е.Койбаковқа  12

Ж.Д.Пазуловқа  862

Ж.Б.Умироваға  36

 

         Сарайшық ауылдық округінің әкімі болып Пазулов Жексенбай Дюсенбаевич, 1985 жылы туған, «Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»ММ сектор меңгерушісі, Махамбет ауылының тұрғыны, «Nur Otan»  партиясынан ұсынылған кандидат сайланды.

 

 

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Махамбет ауданық ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауының қорытынды хабары
Дата публикации
26 июля 2021