Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде
«Музей күні – 2025» іс-шарасы өтті. Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ә.Жоламанов шараның маңызына тоқталды.
Бағдарлама аясында Алматыдан арнайы келген Евразия және
этно-дизайнерлер одағының мүшесі, академик Бекдайыр Қоңыр Егенұлының зергерлік бұйымдар, тоқыма бұйымдары бойынша Нарботанова Анаргүл Жаманқұлқызының шеберлік сағаты, жергілікті қолөнер шеберлерінің
көрме-жәрмеңкесі және шеберлік сағаттары: құмыра жасау, ұршық Party, балаларға арналған арнайы бағдарламалар ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, қатысушылар “Ол кім? Бұл не?” интеллектуалдық ойыны,
«Тарих кімнің есінде?» викторинасына да қатысып, белсенділік танытты.
Ал “Тарихпен тілдескен уақыт”– тек көрініс емес, жүрекпен сезінген рухани саяхат болды. «Тірі музей» бөлімі көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Музей залдарында келушілер тарихи тұлғалар бейнесіндегі кейіпкерлермен тілдесті.
Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Атырау жылу электр орталығы, «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері арасында музейлік квест-жарыс өтті.
Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.