Бүгін Атырауда екінші дүниежүзілік соғыстың аңызға айналған қаһарман қызы, қазақтың алғашқы әскери ұшқышы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі ұлықталды.
Шара барысында Хиуаз Доспанованың есімі мен ерлігіне тағзым еткен атыраулықтар оның Отан алдындағы ерен еңбегі мен қайсарлығын еске алды.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова — Екінші дүниежүзілік соғыста 300-ге жуық рет әуеге көтеріліп, жау шебіне соққы берген батыр қыз. Жарақат алып, ауыр халде жатқанда да майданға қайта оралып, Жеңісті Берлинде қарсы алған еді. Соғыстан кейінгі өмірін де елге адал қызмет етуге арнап, қоғам белсендісі болды.
Бүгінде Хиуаз есімі – ұлт рухының символына айналды. Батыр қыздың құрметіне Атырау әуежайына есімі берілді. Бұл – өткенге тағзым, ерлікке құрмет.