Бүгін – мемлекетіміз үшін аса мерейлі күндердің бірі. 33 жыл бұрын, 1992 жылдың 7 мамырында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.
Міне, содан бері тәуелсіз еліміздің
ішкі-сыртқы қорғаныс қызметінде өз алдына ұлттық әскеріміз жасақталып, еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын, халқымыздың мызғымас бірлігі мен біртұтастығын қамтамасыз етіп келеді.
Бүгін облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры алаңында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың қатысуымен іс-шара өтті.
Көрермендер Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясы ұсынған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Өздерінің рухты, жігерлі әндерімен халыққа кеңінен танылып жүрген «Абырой» тобы да арнайы өнер көрсетті.