«АТЫРАУ ӨЛКЕТАНУ ОҚУЛАРЫ» тақырыбындағы ІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

«АТЫРАУ ӨЛКЕТАНУ ОҚУЛАРЫ»  тақырыбындағы  ІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы  қарсаңында «АТЫРАУ ӨЛКЕТАНУ ОҚУЛАРЫ» тақырыбында ІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өтті.

 

Конференцияға арнайы Алматы қаласынан филология ғылымдарының кандидаты ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-эссеист Мақсат Тәжмұрат, тарих ғылымдарының кандидаты, Нұр-Мүбәрак Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Досымбек Қатран қатысты.

Конференция жұмысының мақсаты облыстағы зерттеуші-ғалымдар, өлкетанушылар мен ұстаздар, музей мамандарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Атырау өлкесі, өлкенің табиғаты, географиясы, топономикасы, археологиясы, этнографиясы, фольклоры, тарихы, ескерткіштері, музей ісі туралы жұмыстарын таныстыру.