«Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті

«Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - өңіріміздегі қазақ тілі оқытушыларының авторлық бағдарламалары, ересектерге қазақ тілін тиімді үйрету әдістемелері бар оқытушыларын ынталандыру, қолдау және марапаттау.

Қатысушылар кәсіби шеберліктерін, жаңашыл әдіс-тәсілдерін, тіл үйретудегі креативті көзқарастарын ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.

Шара қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқытушылар арнайы марапаттармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Бас жүлдені Атырау Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі мен "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының қазақ тілі оқытушысы Жумагалиева Айгүл иеленсе, жүлделі І,ІІ,ІІ орындарды "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Жаңабай Мөлдір, О.Көшеков атындағы аграрлы-техникалық колледжінің оқытушысы Халелова Қарлығаш және Атырау жоғары медициналық колледжінің оқытушысы Утяшова Алмара бөлісті.
Бас жүлде иегері Жумагалиева Айгүл Сәрсенбайқызы қазақ тілі оқытушыларының А. Байтұрсынұлы атындағы республикалық кезеңіне жолдама алды.. Қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!