“Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясында көне Сарайшық қалашығының аумағында кең көлемдегі сенбілік ұйымдастырылды

“Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясында көне Сарайшық қалашығының аумағында кең көлемдегі сенбілік ұйымдастырылды

“Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясында көне Сарайшық қалашығының аумағында кең көлемдегі сенбілік ұйымдастырылды. Шараға облыстағы мәдениет саласының 70-тен астам өкілі қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Сарайшық» сапар орталығының айналасына ондаған көшет екті. Игі іс-шара санитариялық тазалықпен шектеліп қоймай, ұлт тарихына тағзым, жас ұрпаққа қоршаған ортаны құрметтеудің жарқын үлгісін көрсетуге бағытталған.

- Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ұйытқы болған шараға басқармаға қарасты он шақты мекеменің басшылары мен қызметкерлері қатысып, өздері дайындап әкелген көшеттерін екті. Басты мақсатымыз – туған жерді көгалдандыру арқылы оның көркіне үлес қосу. Сарайшыққа келетін туристер үшін орталықтың көрікті және жайлы болуы біз үшін өте маңызды,- деді облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әділғалиев.

Ал музей басшысы Әбілсейт Мұхтар алдағы уақытта бұл аймақтың толықтай көркейіп, туристерге жайлы жасыл орта ретінде қалыптасатынын айтты.
- Қазірдің өзінде жайқалған жасыл желектің жағымды әсері сезіліп жатыр. Бұл бастама – айналамызды көгалдандырып, табиғатпен үйлесімді орта қалыптастыруға, сондай-ақ туристерге жайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам. Тал егу бір ерлік болса, оны күтіп-баптап өсіру – одан да үлкен жауапкершілік,- деді ол.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясындағы игі істер әрі қарай да жалғасын табады.