Қазақстанның Еңбек Ері, қазақтың көрнекті актері, режиссері және театр өнерінің майталманы Асанәлі Әшімұлы Әшімов Жастар театры саябағына тал отырғызды. Іс-шара “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Мақсат — еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желектер санын арттыру, қоғамның табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін күшейту және экологиялық мәдениетті дамыту.
Сондай-ақ, 23 сәуір - ұлттық кітап күні аясында, Асанәлі Әшімов кітапқа қолтаңбасын қалдырып, Жастар театрының музейіне сыйлады.
Жалындаған жастардың өнерін тамашалап, шығармашылық шабыт тіледі. Бұл күні тағдырын театрмен байланыстырған бірқатар актерлерге алғыс хат табыстады.