«ЕУРАЗИЯ КУБОГЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«ЕУРАЗИЯ КУБОГЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«Еуразия кубогы» III – Халықаралық
баян-аккордеон аспаптарында орындаушылар байқауы қорытындыланды.

Биыл халықаралық музыкалық додада «Жеке орындау» және «Ансамбльдік орындау» аталымдары бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Ресей, Қырғызстан, Татарстаннан арнаулы, орта және жоғары оқу орындарынан барлығы
 40-қа жуық қатысушы бақ сынады.

Олардың өнеріне Анатолий Гайсин, Досмұхамед Тұяқбаев, Ғаділ Дүйсенғалиев, Ерболат Камалиденов, Мұхаддас Ғабдиев сынды отандық өнер шеберлері және шетелден арнайы шақырылған қонақтар – Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының президенті Мирко Патарини (Италия), Татарстан Республикасының еңбек сіңірген артистері Абузар Файзуллин мен Дамир Султанов және Ресей Федерациясының еңбек сіңірген артисі Александр Бабушкин қазылық етті.
Үш күнге созылған байқау қорытындысы бойынша
• Константин Кириллович Ошлаков атындағы сыйлық – Толқын Айдынғали (Атырау, Қазақстан) – «Жеке орындау»
• Демченко Владимир Петрович атындағы сыйлық – Қайырла Ақұштап (Қызылорда) – «Жеке орындау»
• Бруснецов Валерии Василевич атындағы сыйлық – Мусаев Ернұр (Астана) – «Жеке орындау»
• Басаргин Валентин Степанович атындағы сыйлық – Лесов Дархан (Алматы, Қазақстан) – «Жеке орындау»
• Абдуллаев Оңдасын Абдуллаевич атындағы сыйлық – Сагадиев Рашид (Алматы, Қазақстан) – «Жеке орындау»
• Легкунец Федор Васильевич атындағы сыйлық – Камалдинов Рашид (Астрахань, РФ) – «Жеке орындау»

Дипломант:
• Ернұр Ногербек (Павлодар, Қазақстан) – «Жеке орындау»
• Кехтер Едгард (Астана, Қазақстан) – «Жеке орындау»
• Галимзянов Ильсаф (Қырғызстан) – «Жеке орындау»
• Валиев Рузаль (Қазан, Татарстан Республикасы,) – «Жеке орындау»
• Еремин Александр (Астрахань, РФ) – «Жеке орындау»

Жүлделі III-орын:
• «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат кешені» ММ, жетекшісі Шевчук Анель Андреевна (Павлодар, Қазақстан) – «Ансамбльдік орындау»
• А. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінің ансамблі, жетекшісі Елубай Әсет (Ақтөбе, Қазақстан) – «Ансамбльдік орындау»
• Амир Хасанов (Қазан, Татарстан) – «Жеке орындау»
• Утеу Арсен (Алматы, Қазақстан) – «Жеке орындау»
• Сарамбетов Кирсан (Алматы, Қазақстан) – «Жеке орындау»
• Довгий Владислав (Астрахань, РФ) – «Жеке орындау»

Жүлделі II-орын:
• «АЛЛЕГРО» ансамблі, жетекшісі Мадыкаримов Мақсат (Астана, Қазақстан) – «Ансамбльдік орындау»
• Нұржан Маймаков (Ақтөбе, Қазақстан) – «Жеке орындау»
• Капсихов Мадир (Атырау, Қазақстан) – «Жеке орындау»
• Елена Покровская (Екатеринбург, РФ) – «Жеке орындау»
• Ахымбек Темірлан (Алматы, Қазақстан) – «Жеке орындау»

Жүлделі I-орын:
• «Атырау» ансамблі, жетекшісі Көшеров Ерік (Атырау, Қазақстан) – «Ансамбльдік орындау»
• Пичугин Дамир (Қазан, Татарстан) – «Жеке орындау»
• Әмірғалиев Нұрдәулет (Атырау, Қазақстан) – «Жеке орындау»
• Галкеев Руслан (Астана, Қазақстан) – «Жеке орындау».
* Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Байқаудың салтанатты жабылуы мен қорытынды гала-концертінде алдымен лауреаттар өнер көрсетіп, кейін
 іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасты. Қатысушыларға ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Ерболат Камалиденовтың байқау бағдарламасы кезінде тұсауы кесілген «Баянға арналған хрестоматия» кітабы сыйлыққа берілді.