Көше аншлагтарын біріздендіру - өңірдің жарқын сәулеті

Көше аншлагтарын біріздендіру - өңірдің жарқын сәулеті

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен және Индер ауданы әкімдігінің қолдауымен Жарсуат ауылында көше аншлагтарына қатысты облыстық үлгілік семинар өтті.

 Мақсат - көше атауларының көрсеткіштерінің дұрыс ресімделуі.

Көше аншлагтары - ғимараттар мен үйлердің сәулеті мен көркін арттырып, тарихи-мәдени тәрбие беретін бірден-бір идеологиялық құрал.

 Семинар барысында қалалық, аудандық салаға жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарлары мен бөлім басшылары, сала мамандары, тұрғындар, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері қатысып, тәжірибе алмаса отырып Жарсуат ауылын “Үлгілі ауыл” ретінде таныды.