Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бастаған делегация ресми сапармен РФ, Астрахань облысында болды.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бастаған делегация ресми сапармен РФ, Астрахань облысында болды.

Сапар аясында, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов және мекеме басшылары консерватория,театр, музыкалық мектеп, музей, концерт залдары, Достық үйі және халық шығармашылығы орталығына барды.
Атыраулық делегация қолданбалы-сәндік өнер көрмелері, қолөнер шеберханалары, концерттік ұйымдар, музыкалық мектептердің жұмысымен танысты.
Сапар бағдарламасының маңызды тұсы – Атырау және Астрахан облыстары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған жоспарына қол қою.
Бұл құжат экономика, көлік және логистика, білім, мәдениет, туризм, гуманитарлық байланыс бағыттарын қамтиды. Жоспарға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкин қол қойды.