"Сөйлеу мәдениеті және іскерлік қарым-қатынас" тақырыбында біліктілік арттыру семинары өткізілді

"Сөйлеу мәдениеті және іскерлік қарым-қатынас" тақырыбында біліктілік арттыру семинары өткізілді
Атырау облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне арналған «Сөйлеу мәдениеті және іскерлік қарым-қатынас» тақырыбында біліктілік арттыру семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты – тыңдаушылардың тілдік және кәсіби құзіреттілігін арттыру, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін, шешен сөйлеу әдістерінің дағдыларын жетілдіру.
Семинар барысында модератор Г.Құмарбекова интербелсенді әдістерді пайдаланылып, жұптық, топтық жұмыстар жүргізді. Тыңдаушылардың сөйлеу мәдениетін, іскерлік дағдыларын жетілдіру бағытында инсайттар беріліп, шығармашылық, жағдаяттық тапсырмалар орындалды. Қорытындысында интеллектуалды QUIZ ұйымдастырылып, бизнес жоспарлар жасалып, презентациялар қорғалды.
Семинар бағдарламасын сәтті аяқтаған қатысушыларға Орталық басшысы Ш.Ізбасаров сертификаттарды салтанатты түрде табыстады.