ТЕГІН ТІЛДІК КУРСТЫҢ АЛҒАШҚЫ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН АЯҚТАДЫ

ТЕГІН ТІЛДІК КУРСТЫҢ АЛҒАШҚЫ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН АЯҚТАДЫ

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында «Ағылшын тілін оқыту» курсының А1 (Beginner) деңгейін аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

2 ай бойы ағылшын тілін 50 адам оқып аяқтаған. Олардың қатарында зейнеткерлер, мемлекеттік қызметшілер, түрлі салада қызмет ететін облыс тұрғындары бар.
Курс барысында олар ағылшын тілінің негіздерін меңгеріп, тілдік дағдыларын қалыптастырды. Енді олар өз білімдерін келесі деңгейде жетілдіруге дайын.