«Сармад» этно-фольклорлық ансамблі «Исатай — Махамбет» алаңында өнер көрсетті

«Сармад» этно-фольклорлық ансамблі «Исатай — Махамбет» алаңында өнер көрсетті

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мен «Сармад» этно-фольклорлық ансамблі «Исатай — Махамбет» алаңында өнер көрсетті. Концерт шымылдығы «Көңілашар» күйімен ашылды.

Оркестрдің бас дирижері, әрі көркемдік жетекшісі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Болат Долдашовтың дирижерлеуімен Ықылас “Жезкиік”, Құрманғазы «Адай», Н.Тілендиев «Махамбет», Құрманғазы «Сарыарқа» т.б. күй орындалды.
Сонымен қатар жеке орындаушылар және “Сармад” этно-фольклорлық ансамблі алаңға жиналған жұртты өнерімен тәнті етті.