Әлем әдебиетінің көрнекті тұлғасы,француздың ұлы жазушысы Антуан де Экзюперидің "Кішкентай ханзада" үлкендерге арналған ертегісінің премьерасы өтті.
Режиссері: Жанат Телтаев. Суретшісі:Бибігүл Мусина. Аспан әлеміне саяхаттайтын Кішкентай ханзаданың бастан кешкен оқиғалары, түрлі кейіпкерлер,шытырман оқиғалар көрермендерді тәнті етті.
Бұл қойылым - 2024 жылдың алғашқы премьерасы.