Атырау Жастар театры ресми түрде ашылды

Атырау Жастар театры ресми түрде ашылды

Атырау Жастар театры ресми түрде ашылды. Салтанатты іс-шарада Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысушыларды құттықтап, театр жұмысына сәттілік тіледі. 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр режиссері Асхат Маемиров, Канн кинофестивалінің жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова, “Дарын” сыйлығының иегері Асылхан Төлепов, “Дарын”сыйлығының иегері Аян Өтепберген, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының актрисасы, "Сахнагер" Ұлттық театр сыйлығының иегері  - Ажарлым Бағытжанова, Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің директоры, “Серпер”жастар сыйлығының иегері, Салтанат Абулғазиева сынды қонақтар жас театрды қолдап арнайы келді. 

Бұл күні Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов жастар театрының актері Сәкен Шынтеміровтың қызы Мариямның тұсауын кесіп, ақ батасын да берді. Одан әрі қонақтарымыз көрермен залына өтіп, «Клеопатра» қойылымын тамашалады. Режиссері Құрмет ордені, Махамбет сыйлығының иегері  Мұқанғали Томанов.

Жастар театры 2014 жылы әуесқой театр болып құрылған. Ал ресми түрде 2019 жылы облыстық театр жанынан ашылды.