Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жергілікті сазгерлердің «Ән – Атырау» облыстық әндер байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Жергілікті сазгерлердің есімін, шығармашылығын көпшілікке таныстыру арқылы сазгерлердің әндерін өнер ұжымдарының, жеке орындаушылардың репертуарына енгізуге мүмкіндік жасау. Өнерпаздардың ән айту деңгейін шыңдау.
Конкурс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - Мерей Қабдолов (Атырау қаласы)
І орын - Айсын Ермек (Құрманғазы ауданы)
ІІ орын - Ардақ Дүзелбайқызы (Атырау қаласы)
ІІІ орын - Индер триосы, Дастан Асан (Қызылқоға ауданы), Әділбек Жұмашев (Исатай ауданы)
"Үздік ән өңдеуші" номинациясымен Әбдіғаппар Темірханов (Қызылқоға ауданы) марапатталды.