Сұлтан Бейбарыс – ұлы дала барысы

Сұлтан Бейбарыс – ұлы дала барысы

Салтанат сарайында Мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған, төртінші сұлтаны Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына арналған «Дешті Қыпшақтың  тарихи тұлғалары: Бейбарыс және оның кезеңі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Аталмыш шараға Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебапкітапханасы «Сұлтан Бейбарыс – ұлы дала барысы» атты кітап көрмесін жасақтап, таныстырды.

Көрмеде аты әлемге әйгілі бабамыз туралы сыр шертетін естеліктер мен тарихи шығармалар, өмір жолын дәріптеп, мемлекет басқарудағы тарихи рөлін баяндайтын әдебиеттер қойылды.   Көрме мақсаты - қазақ жерінде туылып, 17 жыл Мысыр елін басқарған, ұлы бабамыздың рухын, өмір жолын дәріптеп, ерлігінен хабардар ету, ата-бабамыздың тарихымен қатар, үлгі өнегесімен таныстыру.