2022 жылдың 5 қыркүйек күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты дәріс-сағат өтті.
Шараның мақсаты: мемлекеттік тілімізге сүйіспеншілікпен қарауға, мәртебесін биік ұстауға,өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге баулу.