
Атырауда «Мерейлі отбасы-2026» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды
Облыстық халық шығармашылығы орталығында «Мерейлі отбасы-2026» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімі Болат Ақшолақов пен Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов Тауфикұлы және бірқатар мекеме басшылары мен өкілдері қатысты.
Бас жүлдені Жылыой ауданынан келген Оспановтар отбасы иеленді. І орынды – Зұлқашевтар, ІІ орынды – Сабыровтар, ІІІ орынды – Булековтер отбасы алды.
Сонымен қатар, Тасболғановтар, Уашевтар, Нұрболғановтар және Бисенбаевтар отбасылары байқау лауреаттары атанды. Марапаттау рәсімі концерттік бағдарламамен жалғасты.