
Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Салтанат сарайының алаңында SOL BIR KESH концерттік бағдарламасы аясында махаббат тақырыбындағы музыкалық-поэзиялық кеш өтті.
Ашық аспан астында өткен кеште көрермендерге махаббат жайлы әсерлі әндер, сырлы өлеңдер мен музыкалық композициялар ұсынылды. Ән мен поэзия үндескен шығармашылық кеш қала тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады.