Lotus Fest-2026: екі күнде 40 мыңнан астам адам

Lotus Fest-2026: екі күнде 40 мыңнан астам адам

Lotus Fest-2026 — табиғат, мәдениет және ерекше көңіл-күй тоғысқан фестиваль!

Биылғы Lotus Fest-2026 мерекесі екі күн бойы қызу өтіп, 40 мыңнан астам қонақты жинады. Фестиваль гала-концертпен қорытындыланды.

Екі күн ішінде 50 кәсіпкер өз өнімдерін ұсынып, жәрмеңке, фотозона, фуд-корт пен түрлі ойын алаңдары жұмыс істеді.

Кештің сәнін жергілікті әншілер мен жас өнерпаздар келтірді. Сахнада Bytanat, Alham, Melomen, Turar, Ғаділбек Жанай,  Нұрлан мен Мұрат топтары және Еркебұлан Құмар, Қуандық Рахым,  Заман тобы, Меломан тобы өнер көрсетті. 

Айтып өтейік, шілде айынан бері қызғылт алқапты шамамен 10 мың адам тамашалаған.