
Акустикалық кеш — әуезді ән мен әсем әуенге толы кеш!
13 шілде күні Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрі Салтанат сарайының алаңында көпшілікке арналған акустикалық кеш ұсынды.
Кеште филармония оркестрі, әншілері мен «Інжу-Маржан» би ансамблі өнер көрсетіп, көрерменге Қазақстан және Атырау өңірі композиторларының шығармаларын ұсынды.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі – «Құрмет» орденінің иегері Болат Қохаманов, дирижері – Мәди Мәдениетов.
Өнер мен әуен тоғысқан әсерлі кеш көрермен көңілінен орын алды.