
“Speak, Think, Win!” English Quiz
Атырау облысы “Тіл” оқу-әдістемелік орталығында ағылшын тілі А2 деңгейі тыңдаушылары арасында “Speak, Think, Win!” English Quiz зияткерлік сайысы өтті.
Сайыс барысында қатысушылар ағылшын тілінде білімдерін сынап, логикалық тапсырмалар орындап, сөздік қорлары мен сөйлеу дағдыларын көрсетті. Танымдық әрі тартысты өткен сайыс тыңдаушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтып, ағылшын тілін меңгеру жолында толағай табыс тілейміз!