
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» ШЖҚ КМК ұйымдастыруымен Атырау мұнай өңдеу зауытында «АМӨЗ» қызметкерлеріне арналған «Мемлекеттік тілді оқыту» курсы 2026 жылғы 3 наурыз бен 18 маусым аралығында өткізілді.
Үш айдан астам уақыт бойы тыңдаушылар мемлекеттік тілді меңгеріп, тілдік білімдерін тереңдетіп, ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдірді. Оқу барысында қатысушылар күнделікті қызметте мемлекеттік тілді еркін қолдануға бағытталған практикалық тапсырмалар орындап, ресми ісқағаздарын жүргізу және кәсіби коммуникация бойынша білімдерін толықтырды.
Мемлекеттік тілді меңгеру – кәсіби ортада қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудің және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың маңызды тетігі.
Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Тыңдаушыларды курсты сәтті аяқтауларымен құттықтап, мемлекеттік тілді күнделікті қызметте және қоғамдық өмірде кеңінен қолданып, алған білімдерін тәжірибеде тиімді пайдалануларына тілектестік білдіреміз!