Атырау облысында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» облыстық байқауы өтті

Атырау облысында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» облыстық байқауы өтті

2026 жылғы 30 маусымда Атырау облысында мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты облыстық байқау өтті.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдық маңызын арттыру, этнос өкілдері арасында қазақ тілін насихаттау және тілдік мәдениетті дамыту.

Байқау қорытындысы бойынша Атырау қаласының тұрғындары Юн Дмитрий Осипович пен Власенко Олеся Олеговна, Жылыой ауданының өкілі Сарсенгалиева Вероника Маратовна және Махамбет ауданынан Боброва Людмила Семеновна алғысхаттармен марапатталды.

Ал жүлделі орындарға ие болғандар:
* ІІІ орын – Мурсеитова Динара Именжановна (Исатай ауданы);
* ІІ орын – Стомма Райгуль Александровна (Қызылқоға ауданы);
* І орын – Халменова Виктория Валериевна (Құрманғазы ауданы);
* Бас жүлде – Кабдулкаримова Полина Андреевна (Атырау қаласы).

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Іс-шараға жалпы саны 100 адам қатысты.