Ұлттық мұра өнер кеші

Ұлттық мұра өнер кеші

Ұлттық мұра ұлықталған өнер кеші

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының 60 жылдық мерейтойы аясында Индер ауданы, Елтай ауылдық мәдениет үйінде «Мұрагер» фольклорлық ансамблінің концерті өтті.

Кеш барысында көрермендер қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілдері Ықылас Дүкенұлы, Қазанғап Тілепбергенұлы, Қуаныш Жұмағали, Секен Тұрысбеков, Айбол Құдайбергенов, Еркін Құсайынов, Болат Кохаманов сынды композиторлардың шығармаларын тамашалады.

Концертке республикалық конкурстардың лауреаттары Алида Хуанова мен Жасұлан Базарбаев, сыбызғышы Азамат Құттығұл қатысып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ, Мәдениет саласының үздігі Гүлвира Тұрақбаеваның жетекшілігіндегі «Інжу-Маржан» би ансамблі ұлттық би өнерінің әсем үлгілерін паш етіп, кештің көркін аша түсті.

Мәдениет саласының үздігі Ержан Қитаров жетекшілік ететін «Мұрагер» фольклорлық ансамблі ұлттық өнердің інжу-маржандарын дәріптеп, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.

Өнер кеші ауыл тұрғындарының ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленіп, халқымыздың төл мәдениетін насихаттауға бағытталған тағылымды рухани кездесу ретінде есте қалды.