"Тіл шебері" облыстық байқау

"Тіл шебері" облыстық байқау

23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қолдауымен Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы “Тіл” оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы өтті.

Байқау нәтижесінде Загипарова Гүлназ Асылбекқызы (Жылой ауданы, Құлсары қаласының аппаратының бас маманы)
Ғайнеденова Әзиза Тілекқабылқызы (Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы)
Нұрланқызы Салтанат (Қызылқоға ауданы, Көздіғара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы)
Саркулова Жансәуле Әзірғалиқызы (Мақат ауданы әкімі аппаратының бас маманы) алғысхатпен және
III орын – Қуаныш Ақерке Мағзомқызы (Махамбет ауданы әкімі аппараты кадр қызметі және персоналды бағалау бөлімінің бас маманы)
II орын – Мәуешова Ақбота Жұмабайқызы (Атырау қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы)
I орын – Бекмұханбет Ринат Салтанатұлы (Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы)
Бас жүлде - Жұмабеков Марат Жұмабекұлы (Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы) арнай дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында қаржылай сертификаттар ұсынылды.
Байқау жеңімпазы республикалық кезеңге жолдама алды