4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен абыройын айқындайтын қасиетті құндылықтар.

Көк Туымыз – бейбітшілік пен бірліктің белгісі, Елтаңбамыз – елдігіміздің айшықты көрінісі, ал Әнұранымыз – халқымыздың рухын асқақтататын ұлы үн.

Бабалар аңсаған азаттықтың символына айналған мемлекеттік рәміздеріміз әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятады. Оларды құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншіліктің, елге деген адалдықтың көрінісі.

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!