ШЕБЕРFEST – 2026” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Фестиваль соңында қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды

ШЕБЕРFEST – 2026” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Фестиваль соңында қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды

 

ШЕБЕРFEST – 2026” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Фестиваль соңында қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

Қолөнер шеберлері фестивальдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтіп, өз ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ, “Музейге сый” акциясы аясында шеберлер Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің алтын қорына өз коллекцияларындағы құнды жәдігерлерді тарту етті.

Бұл — ұлттық мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға қосылған үлкен үлес болды.

Фестиваль-көрмеге 4 мыңнан астам қолөнер туындысы қойылып, соның 2 мыңнан астамын келушілер сатып алған.

Ал екі күнге созылған ауқымды мәдени шараға 8 мыңнан астам адам қатысып, “ШеберFEST – 2026” Атыраудың мәдени өміріндегі ең жарқын әрі тағылымды өнер мерекелерінің біріне айналды.

Ұлттық өнерді ұлықтаған халықаралық фестиваль қолөнердің мәртебесін көтеріп қана қоймай, халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтқан үлкен рухани көпір болды.