Атырау өңіріндегі мәдениет саласы — руханияттың алтын діңгегі

Атырау өңіріндегі мәдениет саласы — руханияттың алтын діңгегі

Атырау өңіріндегі мәдениет саласы — руханияттың алтын діңгегі

Бүгінде Атырау облысында халыққа мәдени қызмет көрсететін 243 мекеме жұмыс жасайды. Оның ішінде:
▫️ 84 мәдениет үйі
▫️ 139 кітапхана
▫️ 13 музей
▫️ 2 театр
▫️ 2 концерттік ұйым
▫️ 1 халық шығармашылығы орталығы
▫️ 1 тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы
▫️ 1 «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы бар.

Бұл мекемелердің басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасып, ел руханиятының шамшырағына айналып отыр.

Қазіргі таңда мәдениет саласында 3051 қызметкер еңбек етсе, оның 1565-і шығармашылық бағытта қызмет атқарады. Бұл — өнер мен мәдениеттің дамуына үлес қосып жүрген үлкен шығармашылық қауым.

Соңғы жылдары өңірдегі мәдени инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
2023 жылдан бері:
 14 жаңа мәдени нысан пайдалануға берілді;
Қазір 12 мәдени ошақтың құрылысы жүргізілуде;
 54 нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.

Мәдениет — ұлттың жаны.
Атырау өңірінде бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауыл мен қаладағы рухани өмірдің өркендеуіне серпін бермек.