
Атырау облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында құжат айналымында мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейіне мерзімді тексеру жүргізілуде.
Тексеру барысында құжаттарды мемлекеттік тілде рәсімдеу сапасы, ішкі құжат айналымында тілдік талаптардың орындалуы, сондай-ақ іс жүргізу тәртібінің қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкестігі жан-жақты қаралатын болады.