
Атырау облысы әкімінің өкімі негізінде Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің қолданылу үлесіне мерзімді тексеру жүргізілуде.
Тексеру аясында құжаттардың мемлекеттік тілде рәсімделу сапасы, ішкі құжат айналымындағы тілдік талаптардың сақталуы, сондай-ақ іс жүргізу тәртібінің қолданыстағы нормаларға сәйкестігі зерделенетін болады.