
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Осыдан 34 жыл бұрын, 1992 жылғы 7 мамырда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Содан бері тәуелсіз еліміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ұлттық әскеріміз маңызды рөл атқарып, халқымыздың мызғымас бірлігі мен тұтастығының берік тірегіне айналып келеді. Мерекеге орай Сұлтан Бейбарыс алаңында Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Алдымен әскери бөлімдер салтанатты сапқа тұрып, әскери далалық асхана мен үрмелі аспаптар оркестрінің марштары орындалды. Бұл көрермендерге әскери қызметтің қоғамдағы орны мен маңызын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар патриоттық әндер шырқап, хореографиялық қойылымдар мен сахналық көріністер ұсынды.