БІРЛІКТЕ ГҮЛДЕНГЕН ҰЛЫ ДАЛА

БІРЛІКТЕ ГҮЛДЕНГЕН ҰЛЫ ДАЛА

БІРЛІКТЕ ГҮЛДЕНГЕН ҰЛЫ ДАЛА

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада қала тұрғындары мен қонақтары бірлік пен татулықтың шынайы көрінісіне куә болды.
Атырау облысының әкімі С.Шәпкенов мерекемен құттықтап, атаулы күннің маңызына тоқталды.

Мерекеде атыраулық этномәдени орталықтар мен жергілікті өнерпаздар ән мен биден шашу шашты. Сондай-ақ этнос өкілдері өздерінің ұлттық аспаптарында өнер көрсетіп, сахна төрін әсем әуенге бөледі.
Әр қойылым – достықтың, әрбір әуен – ынтымақтың символы.

Атырау – түрлі ұлт пен ұлыстың басын қосқан, бірлігі бекем, берекесі мол мекен.
Бүгінде 50-ден астам ұлттар мен ұлыстар тату - тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Олар өңірдің мәдениеті мен руханиятын, экономикасын өркендетуде бір үйдің баласындай еңбек етіп келеді.