«Сарайшық» этнофольклорлық ансамблі өзінің алғашқы үлкен өнер додасында-ақ жүлделі II орынды иеленді

«Сарайшық» этнофольклорлық ансамблі өзінің алғашқы үлкен өнер додасында-ақ жүлделі II орынды иеленді

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы жанынан құрылған «Сарайшық» этнофольклорлық ансамблі өзінің алғашқы үлкен өнер додасында-ақ жүлделі II орынды иеленді!

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Саз әлемінің сардарлары» атты республикалық қазақ халық аспаптар ансамбльдерінің байқауында өнер көрсеткен жас ұжым кәсіби деңгейі мен ұлттық нақышты терең сезінуі арқылы көрермен мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Бұл – ансамбльдің тұңғыш жетістігі, шығармашылық жолындағы алғашқы әрі маңызды белесі. Жаңадан құрылған ұжым үшін бұл жеңіс – үлкен сенім мен жарқын болашақтың бастауы.

«Сарайшық» ансамблін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да өнер көкжиегінде биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!
Шабыттарыңыз шалқып, ұлттық өнердің мерейін асқақтата беріңіздер!