«Сармад» этно-фольклорлық ансамблінің «Күймен жазылған тарих» атты концерті өтті

«Сармад» этно-фольклорлық ансамблінің «Күймен жазылған тарих» атты концерті өтті

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанынан құрылған «Сармад» этно-фольклорлық ансамблінің «Күймен жазылған тарих» атты концерті өтті.

Өнер — кешегі мен бүгінді жалғаған алтын көпір. Кеш барысында «Серпер», «Бозінген», «Көктем сазы», «Науысқы», «Қасым хан» және басқа да күйлер орындалды.

Сонымен қатар, Ж. Базарбаевтың «Айдай», Б. Сәрсеновтің «Сүгірдің термесі» шығармалары шырқалып, «Аңсау», «Төкпе» сынды жаңа туындылар көрерменге жол тартты.

Кешке жиналған көрермен үшін бұл ерекше әсерге толы өнер мерекесі болды.