KITAP FEST

KITAP FEST

Атырауда өткен «Кітап FEST» фестиваліне 8000-ға жуық адам қатысты. Алғаш рет ұйымдастырылған шараның мақсаты – кітап оқу мәдениетін дамыту. Фестивальде кітап клубтары мен белсенді оқырмандар марапатталып, оларға 10 кітап алуға сертификаттар табысталды. 8 баспа 4000-ға жуық кітап сатты.

Сонымен қатар, кітап клубтары кездесіп, ақын-жазушылармен сұхбаттар мен қолтаңба сессиялары өтті. Қонақтар QR-код арқылы жергілікті авторлардың шығармаларымен танысты.