"Сағыныш" концерті - ұлы тұлғаларға тағзым

"Сағыныш" концерті - ұлы тұлғаларға тағзым

Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің «Сағыныш» атты концерті өтті.

Кеш ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Т.Молдағалиев, Б.Тәжібаев, М.Мақатаев және К.Дүйсекеев сынды біртуар тұлғалардың мерейтойларымен үндесіп, олардың рухына тағзым етуге арналды.

Кеш барысында сағынышқа толы, жүрекке жақын ескі әндер шырқалып, оркестрдің сүйемелдеуімен және жеке орындаушылардың қатысуымен әсерлі туындылар көрерменге жол тартты. Ән кешіне жиналған жұрт өнерпаздармен бірге қосыла шырқап, ерекше рухани әсер алып қайтты.

Бұл кеш – ұлы тұлғалардың мәңгілік мұрасын насихаттап, ұлттық өнердің өміршеңдігін айқындай түскен тағылымды шара болды.