Атырау аспанын ұлттық әуен тербеді

Атырау аспанын ұлттық әуен тербеді

Оркестр құрамындағы домбыра, қыл қобыз, прима қобыз, бас қобыз, шертер, бас домбыра, контрабас және дауылпаз сынды аспаптардың үйлесімі көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Бұл форматтағы концерт оркестр тарихында алғаш рет ұйымдастырылды. Кеш барысында қазақтың классикалық туындыларымен қатар, әлемдік шығармалар да орындалды. Концертке оркестрдің көркемдік жетекшісі, бас дирижер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Болат Долдашов және ҚР Мәдениет қайраткері Рахила Ерғалиева дирижерлік етті. Көрермендер жоғары кәсіби деңгейдегі музыканттардың шебер өнеріне куә болды.