
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, “Халықаралық “Қазақ тілі қоғамы” ҚБ Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Қазақ уикипедиясын дамыту: тіл және цифрлық қоғам» тақырыбында семинары ұйымдастырылды.
Семинарға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен С.Өтебаев атындағы мұнай-газ университетінің профессор-оқытушылар құрамы және ұстаздары, кітапхана ісінің мамандары, сондай-ақ қала және аудан әкімдіктерінің тіл саясатына жауапты бөлім басшылары қатысты.
Қазіргі жаһандық даму кезеңінде Ghatgpt және оның Bard, PaLM-E, LLaMA секілді балама нұсқалары арқылы қажетті ақпарат көздеріне іздеу жүргізіледі. Осы тұста, қазақ тіліндегі сапалы мақаланың болмауы, ақпарат көздерінің аз жариялануы тиісінше нақты мәлімет табылмауына әкеп соғады.
Жиында семинардың негізгі баяндамашысы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының постдокторанты, филология магистрі Дауткулова Акмарал Калиярбековна өз зерттеулерін кең аудиторияға қолжетімді ету үшін уикипедия платформасын тиімді пайдалану қажеттігін жеткізіп, қорытындысында қазақ уикипедиясын дамыту бағытындағы жұмыстарды жандандыру, салааралық ынтымақтастықты күшейту және ақпараттық кеңістікте қазақ тілінің үлесін арттыру бойынша нақты ұсыныстар қабылданды.