
Бүгін 2-ші сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Балалар кітабы – болашақтың бастауы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Халықаралық балалар кітабы күніне орай ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты – жас оқырмандарды кітап оқуға баулу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Кітапхана фойесінде оқырмандарға арналған «Жаңа кітап – жаңа әлем» атты иллюстративті кітап көрмесі, одан әрі әдістемелік-библиографиялық бөлімнің жасақтаған «Ойна да, ойлан» сөзжұмбақтар әлемі, абонемент бөлімінде «Кітап әлеміне саяхат» библиодартс (ойын), «Кітап әлеміне: QR арқылы саяхат» QR викторина, сонымен-қатар кітапхананың жоғары қабатында «Ұлттық нақыш әдебиеттен бастау алады» атты шеберлік сағаты, «Кітап – ғажайып әлем» атты көріністі ертеңгілік, «Андерсен ғажайыбы» атты интерактивті ойын ұйымдастырылды.
Аталған бағдарламалар аясында жас оқырмандар кітаптың шексіз әлеміне саяхат жасап, таным көкжиегін кеңейтті, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, әдеби мұраның қадір-қасиетін тереңірек сезінді. Салтанатты шара барысында балалар белсенділік танытып, білім мен өнерге деген қызығушылықтары артып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.